Ақтөбе полициясы туыстарына хабарламай жерленген азамат үшін өтемақы төлейді

Ақтөбе полициясы туыстарына хабарламай жерленген азамат үшін өтемақы төлейді
15.05.2025 09:11
0
188
Фото: sozmedia.kz
Ақтөбе полициясы 600 мың теңге төлейді

Ақтөбе полициясы туыстарына хабар берместен жерленген азаматтың отбасына 600 мың теңге өтемақы төлейді, деп хабарлайды POLITICO.KZ HALYQSTAN арнасына сілтеме жасап.

Былтыр жазда ақтөбелік Аман Жақаев Қарғалы өзеніне батып кетті.

Аталған дерек бойынша Ақтөбе қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Алайда, мәйітті тексеруден кейін жақын туыстарына болған жағдай туралы хабар берместен моргта қалдырып, кейін хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде ортақ зиратқа жерлеп тастаған.

Арада Жақаевтың туыстары оны іздестіруге қатысты полицияға арызданып, сол кезде оның қайтыс болғаны мен жерленгені туралы білген.

Суға батып қайтыс болған азаматтың туыстары полицияның әрекетіне наразылық білдірді, олардың ойынша, полиция Жақаевтың туыстарын іздестірумен тиісті деңгейде айналыспаған. Осыған байланысты талапкерлер Ақтөбе облысының Полиция департаментінен 2 миллион теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп беруді талап етті.

Сот отырысы барысында анықталғандай, полиция қызметкерлері марқұмның туыстарының қайда тұратынын біле тұра, болған оқиға туралы хабарлау үшін ешқандай әрекет жасамаған, жіберген заңбұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, атқаратын лауазымдарынан босатылған.

Сот талапкерлердің жақын туысынан айырылуына және оны жерлеу мүмкіндігінің болмауына байланысты моральдық зиян шеккені туралы дәлелдерін негізді деп таныды.

Сот шешімімен Ақтөбе облысының Полиция департаментінен талапкерлердің пайдасына 600 мың теңге өндірілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий