Ақтөбеде 272 млн теңгені жымқырған шенеунік ұсталды
Ақтөбеде мемлекеттік қаржы жымқыру фактісі анықталды
Ақтөбе қаласында жол белгілеуге бөлінген 272 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, бұл қылмысқа Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры күдікті деп танылды.
«Келісімшарттар бойынша мемлекеттік сатып алу аясында директор қызметтік өкілеттігін пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға актілер қабылдаған. Жол белгілеу бойынша орындалмаған жұмыстар сомасы 272 млн теңгені құрайды», – деп мәлімдеді ведомство.
Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру») айып тағылып, ол қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды