Ақтөбеде ер адам жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен болып, жүргізушілерден ақша алған

16.09.2026 18:11 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбеде ер адам жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен болып, жүргізушілерден ақша алған
159
Видеодан кадр

Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдап, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам ретінде ақша алып жүрген, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Halyqstan” Telegram арнасы сілтемемен.

Ол бұл әрекетін екі рет қайталап үлгерген. Оқиға Жиенбаев пен Ташкентская көшелерінің қиылысында болған. Ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткендей кейіп танытып, жүргізушілерге өзінің дене жарақатын алғанын айтқан. Осылайша олардан өтемақы ретінде ақша талап еткен.

Белгілі болғандай, оның сөзіне сенген екі жүргізуші мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Біріншісі 250 мың теңге берсе, екіншісі 200 мың теңге аударған. Осылайша ер адамның әрекетінен келген жалпы шығын 450 мың теңгені құраған.

Жүргізушілердің бірі кейін полицияға жүгінген. Тексеру барысында аталған жағдайлар расталып, ер адам күдікті ретінде анықталды.

Қазіргі уақытта полиция істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий