Семейде автобус жолда тұрған көлікке соғылды: зардап шеккендер бар
Семейде маршруттық автобус жолда тұрған көлікке соғылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол-көлік оқиғасы 16 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы – Энергетик көшелерінің қиылысында болған.
Полиция мәліметінше, автобустың 50 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті тізгіндей алмай, жолда тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.
Апат салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, оның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...