Ақтөбеде газ құю бекетінде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)
1229
Ақтөбе қаласының Алматы ауданында 3 наурызға қараған түні автогаз құю станциясының аумағында жерүсті резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жарылыстың соңы өртке ұласты.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, автогаз құю станциясы Ақжар көшесінде орналасқан.
Хабарланғандай, өрт тез арада екінші жерүсті цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа тараған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге өңірлік ТЖД-ның 60-қа жуық жеке құрамы және 16 техника бірлігі жұмылдырылды.
Таңертең өрт толықтай сөндірілді, оның жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлады ТЖМ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...