Ақтөбеде мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысы жолда көз жұмды
Ақтөбеде мектепке бара жатқан бала жолда көз жұмды
Ақтөбеде мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысы жолда кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Мой Город агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 28 ақпан күні таңғы 7:30 шамасында Маресьев көшесінде болған. Бала аулада құлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
WhatsApp арқылы тараған ақпаратта баланы ит талағаны туралы мәлімет тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қайтыс болған баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, оның киімі бүтін. Сондықтан балаға ит шабуыл жасады деген ақпарат расталмайды" – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Қазіргі таңда өлім себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Полиция бұл істі мұқият тексеріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
09:37
110 мың теңге жалақы, үш жылдық мораторий: Үкім...
29.10.2026
09:26
Кентауда екі жастың өмірін қиған дәмхана жарылы...
29.10.2026
08:00
Астанада пәтерін босатуды талап еткен әйел таяқ...
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...