Ақтөбелік Apple компаниясында басшылық лауазымға ие болды

Apple компаниясында қазақстандық маман Әділхан Қопабаев жетекші қызметке тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол Орталық Азия және Армения аймағын қадағалайтын лауазымды иеленді. Бұл туралы 15 қаңтар күні цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Facebook парақшасында хабарлады.
"Біздің отандасымыздың Apple компаниясында жетекшілік қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын! Бұл жаңа кезең оған кәсіби өсу мен жетістіктер әкелсін!" – деп жазды министр.
Копабаевтың өзі Instagram парақшасында бұл ақпаратты растады. Көптеген құттықтаулар арасында "Президент" арнайы жобасының авторы Әділ Балтабаев та жылы лебізін білдірді:
"Қуаныштымын, бауырым! Табыс тілеймін!"
Әділхан Қопабаев туралы:
Әділхан Қопабаев 1995 жылы 9 шілдеде Ақтөбеде туған. Білімін Оңтүстік Корея мен АҚШ-та алған.
Копабаевтың еңбек жолы:
- 2014–2016 жылдары Оңтүстік Кореядағы КазАльянс НПО-сының бөлімше жетекшісі;
- 2016–2018 жылдары халықаралық ICON консалтинг ұйымында бизнес-аналитик (Сеул, Стокгольм, Нью-Йорк, Шанхай);
- 2018–2019 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;
- 2019 жылы ҚР Ұлттық банкі бас экономист-маманы;
- 2019–2021 жылдары Үкімет жобалық кеңсесінде қызмет атқарды;
- 2021–2022 жылдары Браун университетінде зерттеуші-аналитик (АҚШ);
- 2022–2023 жылдары АҚШ-тың Көлік жүйелері ұлттық орталығында бизнес-аналитик;
- 2021–2023 жылдары PFPchat компаниясының бас директоры (Бостон, АҚШ).
2023 жылы Қопабаев Қазақстанға оралып, ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ бас директоры қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар




