Ақтөбелік кондитер Қайратқа арнап торт жасағаны үшін Ақтөбелік жанкүйерлердің сынына ұшырады
Ақтөбелік кондитер Самал Асанова алматылық «Қайрат» футбол клубына арнап торт жасағаннан кейін жергілікті «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің сынына қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кондитер әлеуметтік желіде «Қайрат» клубының логотипімен және «Сендерге сенеміз!» деген жазуы бар торттың видеосын жариялаған. Видеода қыздың өзі де «Қайраттың» жейдесін киіп алған.
Бұл әрекет «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерінің ашуын тудырды. Олар мұны туған қаласына деген құрметсіздік деп бағалап, «Тек Ақтөбе! Тек қызыл-ақтар!» деген пікірлер қалдырған.
Сынға ұшырағаннан кейін Самал Асанова видеоны өшіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады. Ол өз сөзінде футбол әлемінен хабары жоқ екенін және тек Қазақстан атынан халықаралық аренада өнер көрсетіп жатқан командаға қолдау білдіргісі келгенін түсіндірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...