«Арабқұлдарды тыңдап, жаным аза-қаза болды»: кәсіпкер отандық фильмді сынға алды

06.01.2026 12:53 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Арабқұлдарды тыңдап, жаным аза-қаза болды»: кәсіпкер отандық фильмді сынға алды
0
574

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Дәстүр 2. Теріс бата» фильмін сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Бүгін жұбайыммен Қанат деген сценарист бауырымның өтінішімен «Дәстүр 2 Теріс бата» деген фильмге барып қайттық. «Таптым-ау сені» деген фильмнен шыққан соң «Шошқа қораға барып тамақ ішкендей күйде» болдым деп едім. «Дәстүр 2» ден соң өлген адамның мүрдесін жеп жатқан құзғындардың арасында болғандай күй кештім!», – дейді кәсіпкер. 

Айтуынша, фильмде қазақтың салт-дәстүрінің бәрін «ширк» қылып көрсетпек болған.

«Қалай осындай өлермендікпен өз ұлтын, ата-бабасын жек көруге болады? Қайранмын! Әйгілі Ысқақтың стримінде «Қазақтың жарты жерін арабтарға бере салу керек» деп шатып отырған арабқұлдарды тыңдап, жаным аза-қаза болып еді. Бүгін мынаны көріп, бұл сұмдықтың қалай терең тамыр алып кеткенін көріп шошып отырмын», – дейді Ахметбек Нұрсила. 

Кәсіпкер бұл фильмдер қазақтың түп-тамырына сілтеніп жатқан балта дейді.

«Жастар толып отыр, билет басқа киноларға қарағанда екі есе қымбат! Кино мен үшін «ужас», яғни қорқынышты болған жоқ! Бірақ ниеті арам адамдардың жүрек айнытатындай сұмпайы пиғилы, өз ұлтына деген өлермендікпен жасалып жатқан қастандығы жаға ұстатты! Айға қарап ұлыған, екі аяқты сұмпайы жауыздың арам пиғылынан құса болған қасқырдың жағдайы дәл қазір Қазақтың басына келген екен! Өмірден түңіліп кеттім! Сұмдық! Қайда кетіп барамыз», – деп жазды кәсіпкер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий