“Арамыз 14 жас, тағдырым шығар”: Дәстүрлі әнші күйеуі жайлы бар шындықты айтты

“Арамыз 14 жас, тағдырым шығар”: Дәстүрлі әнші күйеуі жайлы бар шындықты айтты
14.07.2025 09:37
0
306
Фото: әлеуметтік желі

Дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова отбасы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі 25 жасында өзінен 14 жас үлкен, алғашқы некесінен екі баласы бар азаматқа не себепті тұрмысқа шыққанын баяндап берді.

«Бәрі керемет деп айта алмаймын. Қазақтың «тең-теңімен, тезек қабымен» деген керемет сөзі бар ғой. Осы мәселені негізі анам көп айтқан. «Есік көргенді емес, бесік көргенді ал» деген сөз бар. Менің тағдырым шығар, солай қабылдаймын. Өйткені кезінде бірге оқыған, қазір әріптес болып жүрген азаматтар: «бұрын сен бізге қарамайтын едің ғой деп жатады. Сол кезде қайда жүрдің десем, саған жақындау мүмкін болмайтын», - деп жауап береді. Өздері кішкене қорқақтық танытқан шығар, әйтпесе қыздың көңілінен шығудың жолдарын табуға болады ғой. Сөйлесуге болады. Осы тұрғыдан менің жолдасым пысықтау болды. Алдына мақсат қойып, дегеніне жетуге әрекет еткен шығар деп ойлаймын", – деді Айгүл Қосанова "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий