"Арамызда ештеңе қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сүйінші жаңалығын бөлісті
823
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, актриса әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесі өз оқырмандарына сүйінші сұрап, алғашқы толықметражды фильмін түсіріп болғанын хабарлады.
«Достар, мен кино түсірдім! Өмірімнің өтпелі кезіндегі көп шешімдерімнің бірі — осы туынды. Өтпелі кезеңдегі сезімдерімді көрсеттім. Кинодағы алғашқы дебютім. Қобалжып тұрмын! Қолдауларыңызды күтем! Бұл фильмде мен бірнеше арманымды орындадым. Соның бірі — қазақтың ауылдағы қарапайым өмірін емес, эстетикаға толы, заманауи тіршілікті, сұлу Астанамызды көрсету. Шын ғой, қазір көбі әдемі үйлерде өмір сүреді, талғаммен өмір сүреді. Қашанғы Түрік сериалдарындағы Босфорға, не Корей киноларындағы қалаларға қызыға береміз?! Бұл кино тек менің өмірім емес, бәріміздің өміріміз туралы. Достық, отбасы, ауызбіршілік сияқты құндылықтарды көрсеткім келді. 20 қарашадан соң “Арамызда ештеңе қалмайды”. Бәрі бәрін біледі!» — деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанованың бұл жазбасы желіде кеңінен таралып, оқырмандар оның батыл шешімін қолдап, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік оның қазақ кинематографиясына жаңа тыныс әкелетініне сенім білдіріп, алғашқы режиссерлік жұмысын асыға күтетінін жазды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...