"Әркімнің өз жолы бар": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен көпшілікке ой салды
839
Актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірдің мәні мен әр адамның даралығы туралы философиялық жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әр адамның өмір жолы мен тағдыры қайталанбайтынын айтып, өзгенің өмірімен салыстырудың қажеті жоқ екенін жеткізді.
«Шексіз аспанның астында миллиардтаған адам өмір сүреді. Бірақ екі адамның тағдыры бірдей болмайды. Әркімнің өз жолы, өз уақыты, өз тағдыры бар. Табиғат ешқашан бір ағашты екіншісіне ұқсатпайды. Жаратушы да адамды қайталамайды. Сондықтан өз жолыңды сүй. Өз уақытыңа сен. Өйткені сен де – Жаратушының ерекше ықыласпен жаратқан сүйікті пенделерінің бірісің. Бірегей болу – артық болу емес. Бірегей болу – өзің болып қалу», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы пікірлер қалдырып, оның ойымен келісетіндерін айтып, шабыт сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...