Арнольд Шварценеггерді еске салатын 67 жастағы қазақстандық зейнеткер TikTok жұлдызына айналды

11.09.2025 14:49 Нақыпбек Фатима
Арнольд Шварценеггерді еске салатын 67 жастағы қазақстандық зейнеткер TikTok жұлдызына айналды
344

67 жастағы зейнеткер әйел өзінің ерекше физикалық мүсінімен қазақстандықтарды таңғалдырды. Оның қызы жариялаған бейнероликтер үш күн ішінде TikTok-та бір миллионнан астам қаралым жинаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Әлеуметтік желі қолданушылары зейнеткерді әзіл-шыны аралас «Шварц-апа» деп атап кеткен.

Желі қолданушылардың айтуынша, зейнеткердің ауыл ішінде мотоциклмен жүруі және қолындағы бұлшықеттері атақты актер Арнольд Шварценеггерды еске салады екен.
Желіде пікір қалдырғандар әйелдің мықтылығына сүйсініп, спортпен айналысуға ынталанғандарын жазуда.


«Еуропаға көрсетіңдер, бұл – қазақтың апасы», «Ауылдың тірегі сияқты», «Шашының өзі жас қыздікіндей», «Сұлу әрі қайратты әйел, ұзақ ғұмыр берсін», «Қазақтың Томирисі ғой», «Мотивация алдым» – деп бөлісті оқырмандар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий