Арқалықта тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті

Арқалықта тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті
23.10.2025 10:03
0
53

Қостанай облысының Арқалық қаласында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
 
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, мейрамхана жабылған. 

Дәрігерлердің мәліметінше, Арқалықта мейрамханадағы мерейтойдан кейін тамақтан уланудың белгілерімен 85 адам ауруханаға жатқызылған, олардың үшеуі емделуден бас тартқан. Зардап шеккендер арасында жеті бала бар.

«Санитарлық авиация арқылы инфекционист дәрігерлерден, штаттан тыс мамандардан, терапевттер мен педиатрлардан құралған мамандар тобы жіберілді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Жангелдин ауданында 27 науқас, Арқалықта – 52, облыстық ауруханада – 6 адам бар. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп жоқ», – деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева.

Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мейрамханда тексеру жүргізіп, микробиологиялық және бактериологиялық талдау үшін тағам мен судан үлгілер алынған.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий