"Аш жүрмін". Актриса Әсел Асқар өзінің жағдайы туралы айтты

08.05.2025 16:36
0
141
Фото: Видеодан скрин

Блогер әрі актриса Әсел Асқар Астанаға келіп, жаңа шығармашылық жобаларды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мира Ахмадиға берген сұхбатында айтып, жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әсел Асқар елордада қаңтар айында түсірілген фильмнің тұсаукесеріне қатысқанын және шығармашылық бағытта қосымша жоспарлары бар екенін жеткізді.

Иә, біз қаңтарда түсірген фильмнің тұсаукесерін өткіздік. Сондай-ақ Астанаға тағы бір себеппен келдім, оны сәл кейінірек айтамын. Жалпы, біраз уақыт осында жұмыс істеп көргім келеді. Өйткені, Астананың нарығы ашық әрі жақсы, — деді ол.

Актриса соңғы үш жыл бойы өзін шығармашылық тұрғыда ізденіс үстінде сезінетінін айтып, кез келген ұсынысты қарастыруға дайын екенін жасырмады.

Шынымды айтсам, мен қазір жобаларға аш жүрмін. Соңғы үш жыл бойы жобаларға қатты талап қоймаймын. Ұсыныс болса, бәріне қатысуға дайынмын, — дейді Әсел Асқар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий