Ащы судың зардабы: Бейбіт Қорған ұшақта былық шығарды

Әнші Бейбіт Қорғанға ұшақ бортындағы жанжал үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Танымал әнші Бейбіт Қорғанға Атырау қаласының әуежайында болған оқиғаға байланысты 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасады және полиция қызметкерлеріне бағынбады деп тапты.
Оқиға 29 қыркүйекте түнге қарай «Алматы – Атырау» рейсі Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға қонған кезде болған. Сот мәліметінше, әнші алкогольдік масаң күйде болып, ұшақ ішінде қатты дауыстап балағат сөздер айтқан. Ол әуе компаниясының ережелері мен полиция қызметкерлерінің талаптарын елемеген.
Атырау қаласының мамандандырылған соты бұл істі қарап, әншінің кінәсі хаттамалармен және рапорттармен толық дәлелденгенін хабарлады. Нәтижесінде сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») және 667-бабы («Полицияға бағынбау») бойынша кінәлі деп таныды.
Сот оның өз кінәсін мойындап, өкінгенін ескере отырып, 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар





