"Ашып айта алмаймын": ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова елді алаңдатып қойды
385
Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі өзі үшін алаңдаған көпшілікке қазіргі жағдайын айтқан,-деп хабарлайды politico.kz
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында ауруханадан фото мен видео жариялап, емі қалай жалғасып жатқанын айтты. Актрисаның сөзінше, оған ауыр диагноз қойылмаған. Екі апталық тексерістен соң, дәрігерлер оған ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтқан. "Өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес.Ашып айта алмаймын. Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", - деді Әбдікәрімова.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...