Астана әкімі Нұрбек Оралбайға Land Rover кілтін табыс етті
393
Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған боксшы Нұрбек Оралбайға Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Land Rover Defender автокөлігінің кілтін табыстады.
Әкім Нұрбек Оралбай және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті.
«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!
Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.
Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!» - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...