Астана – Алматы тас жолында автобус жүк көлігіне соғысты: Бір адам қаза тапты

21.03.2026 14:41 Қарақат АСЫЛОВА
Астана – Алматы тас жолында автобус жүк көлігіне соғысты: Бір адам қаза тапты
318
Видеодан кадр
33 жолаушысы бар автобус соқтығысты

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Апат салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы 21 наурыз күні таңғы сағат шамамен 05:00-де Астана — Алматы автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кенті маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған.

Соққының қатты болғаны сонша, бір адам оқиға орнында қаза тапқан. Апат кезінде автобуста 33 жолаушы болған.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталуда. Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертті. Мамандардың айтуынша, рөлдегі шаршау адам реакциясын айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан жүргізушілерге әр 2-3 сағат сайын демалып, көлік тізгініне шаршаған күйде отырмау ұсынылады. Әсіресе түнгі және таңсәрі уақытында сақтық шараларын күшейту қажет.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий