Астана аспанында бірнеше жойғыш ұшақ ұшып өтті
Астана аспанында бірнеше жойғыш ұшақ ұшып өтті. Оқиғаға куә болғандар мұны видеоға түсіріп алған.
Ұшақ бүкіл қаланы - Астананың оң және сол жағалауын айналып ұшқан.
Кадрлардан ұшақтың артында түтін қалғанын көруге болады.
Еске салайық, кеше Қорғаныс министрлігі 2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының оқу-жаттығуы өтетінін хабарлаған еді.
Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы ҚР Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетіні ескертілді.
"Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ", - делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...