Астана әуежайында жаңа терминал салынады

Астана әуежайында жаңа терминал салынады
13.05.2025 15:54
0
423
Фото: nn airport kz
Араб инвесторы Астана әуежайына $1 млрд инвестиция салады

Астана әуежайында үшінші жолаушылар терминалы салынады. Араб инвесторы әуежайды дамытуға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals Holding, БАӘ құрамына кіреді) Астана әуежайы мен оған іргелес аумақты кешенді дамыту туралы ұзақ мерзімді инвестициялық келісімге келді. Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, инвестицияның жалпы көлемі 1,1 миллиард долларды құрайды.

«Келісімді іске асыру аясында Инвестор екінші ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ), үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерді қайта тиеуге арналған cargo терминалын салады. Сондай-ақ, инвестор аэротрополисті – индустриалды-логистикалық аймақты және қонақүйлер, сауда алаңдары, логистикалық терминалдар бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды кешенді дамытуды жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді Көлік министрлігінде.

Сонымен қатар, инвестор арнайы техника паркін жаңғыртуды, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізуді, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытуды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий