Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады

Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
Фото: ашық дереккөз

28-30 қазан аралығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен сол елге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

Анкарада екі ел басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, сапар қарсаңында, яғни ертең мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу