Астана мен Қосшыда экстремисттік топ ұсталды
Астана мен Қосшыда экстремизмге күдікті төрт адам ұсталды.
22 қаңтар күні Астана мен Қосшы қалаларында экстремизмге қатысты күдікті төрт қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар терроризмді насихаттау, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қатысу, сондай-ақ жақтастар тартумен айналысқан деген күдікке ілінген.
«Тінту барысында олардың үйлерінен діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар табылды», – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 256, 259 және 405-баптары бойынша жүргізілуде. Бұл баптар экстремистік топ құру, террористік қызметті ұйымдастыру және экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысу әрекеттерін қамтиды.
Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды