Астанада аутизмі бар баланы кемсіткен әйел дәрігер болып шықты

Астанада аутизмі бар баланы кемсіткен әйел дәрігер болып шықты
31.07.2025 16:09
0
180
Фото: әлеуметтік желі

Астанадағы автобуста аутизмі бар кішкентай қызды балағаттаған әйел табылды. Бұл туралы баланың анасы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Сағина Каринбаеваның айтуынша, әйел оның Instagram парақшасын тауып алып, өзі жазған. Айтқан сөздері үшін жалынып кешірім сұраған. Бірақ кейін журналистерге басқаша сұхбат беріп, өзінің кінәсіз екенін айтып ақталған.

Аутизммен ауыратын қыздың анасы әйелмен болған әңгімесінің бәрін әлеуметтік желіде көрсетіп, екеуінің арасында болған жағдайды баяндап берді.

«Мені тауып, хабарласты. «Өтінемін, кешіріңізші, айтқан сөздеріме өкінемін. Қызыңыз жазылып кетсін, сіздерде бәрі жақсы болсын» деді. Өзінің басындағы қиындығын айтты, ауруханада дәрігер болып істейтінін, жұмыстан шаршап шыққанын айтып, ақталды. Мен оған ешқандай жамандық тілемейтінімді айттым. Тек менен ғана емес, көпшіліктен де видеомен кешірім сұрауын талап еттім. Қажет болса, бетіңізді көрсетпейік дедім. Ол келісті», - деді келіншек.

Олар Сағина Каринбаеваның үйінде кездесіп, бірге видео жазуға уағдаласқан. Полицияны да шақырып, арыздан бас тартатын болған. Бірақ баланы балағаттаған әйел келесі күні кенеттен өзгеріп сала берген. Ол журналистерге сұхбат беріп, өзінің тек ескерту жасағаны үшін басы дауға қалғанын айтқан. Сағина Каринбаева мұның бәрі өтірік дейді.

Ол әйелдің ескертуді дөрекі түрде жасағанын, кішкентай қызын қорлап сөйлегенін, тіпті өзінің киіміне тиіскенін айтты.

Келіншек талап-арызынан бас тартып, бәрін бейбіт шешкісі келгенімен, әйел жақсылықты түсінбеген. Сағина Каринбаева енді бәрі заң жүзінде шешпек болып бекініп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий