Астанада автобус апатында аяғынан айырылған қыз протезбен жүруді үйреніп жүр (ВИДЕО)

Астанада автобус апатында аяғынан айырылған қыз протезбен жүруді үйреніп жүр (ВИДЕО)

Желіде 8 жасар Алуа Бекеннің протезбен жүруді үйреніп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кадрдан оның қиналса да, жаңа протездермен үлкендердің көмегі арқылы алғаш рет қадам басып жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, 7 жасар Алуа Бекен елордада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған. Қыздың отбасы елордаға демалысқа келген. Үйге қайтып бара жатқанда, автобус бағанаға соғылған. Алуа көлік салонында қысылып қалған. Оны құтқарушылар көліктен шығарып алған. Оны аман алып қалу үшін аяғын ампутациялауға тура келген.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу