Астанада бойжеткен белгісіз ер адамның көшеде азғындық жасағанын айтты

Астанада бойжеткен белгісіз ер адамның көшеде азғындық жасағанын айтты
28.12.2024 10:06
0
840
stan.kz

Астанада балабақша жанынан өтіп бара жатқан ару өзіне белгісіз ер адамның азғындық жасағанын жеткізді. Айтуынша ол қызды жасөспірім оқушы деп ойлап бөксесінен ұстаған. 

Оқиға 25 желтоқсанда сағат 15:35 шамасында Желтоқсан көшесіндегі "Әлем" балабақшасының жанында болған. Астаналық ару бұл туралы желіде бөлісті. 

“Бүгін Бөгенбай аялдамасынан Желтоқсан көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқанымда 35 жас шамасындағы ер адам арт жағымнан келіп, бөксемнен ұстап алды. Ол мені жасөспірім, оқушы қыз деп ойлады. Себебі дене бітімім кішкентай, арық. Ал кейін ересек қыз екенімді көргенде қаша жөнелді. Оның түрін капюшонынан дұрыс көре алмадым. Дегенмен мен өзімді қорғай алдым. Алайда менің орнымда шынымен балалар болса неге әкеліп соғар еді?”, – деді бойжеткен желідегі жазбасында.

Қыз ер адамның артынан қуып видеоға түсіріп алуға тырысқан. Бірақ жете алмаған. Жәбірленуші полицияға азғындау туралы арызбен жүгінгенү

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыарқа аудандық полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Нәтижелер бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп түсіндірді полиция департаменті. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или