Астанада ер адам әйелін тұрғын үй аумағында кішкентай баласының көзінше ұрып-соққан

Астанада ер адам әйелін тұрғын үй аумағында кішкентай баласының көзінше ұрып-соққан
Фото: видеодан скриншот

Астанада ер адамның әйеліне күш қолданғаны туралы оқиға қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға елордадағы «Саржайлау» тұрғын үй кешені маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жұбайын тұрғын үй аумағында, арбадағы кішкентай баланың көз алдында ұрған, ал бұл сәт видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тараған.

Астана қаласы полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Ведомствоның хабарлауынша, 34 жастағы ер адам жұбайына күш қолданғаны анықталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған жәбірленушімен байланысуға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылған. Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу