Астанада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады: адам шығыны бар (ВИДЕО)
1096
Астанада Төлебаев көшесінде орналасқан «Арыстан» көпқабатты тұрғын үйіне лифт құлап, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қалалқы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Екі қызметкер көпбейінді қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы орташа ауыр, екіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланады. Бір науқас анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі политравма бөлімінде ем қабылдауда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады басқармадағылар.
Куәгерлер оқиға орнынан видеоларды бөлісті.
Полиция мәліметінше, лифт ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан техникалық мамандар болған.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...