Астанада сәбидің үстіне қайнап тұрған шәйнек құлап кеткен

Астанада сәбидің үстіне қайнап тұрған шәйнек құлап кеткен
04.04.2025 11:03
0
83
pixabay

Астана дәрігерлері жүрегі 10 минут бойы тоқтап қалған алты айлық сәбиді қайта өмірге әкелді,деп хабарлайды POLITICO.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл жағдай клиникалық өлім кезінде, жедел жәрдеммен реанимация бөліміне жеткізілген кезде орын алған. Нәрестенің денесі қайнаған сумен күйіп, ауырсыну шокынан кейін жүрегі тоқтап қалған.

Нәрестенің анасы Наталья Шлыкова өз оқиғасын бөлісіп, былай дейді:
Ол жүруге арналған қоларбада отырған еді, мен асүйде болдым. Бір сәтке ғана көзімді басқа жаққа бұрып едім, қайнап тұрған шәйнек аударылып, тура үстіне төгілді. Сол кезде оның кеуде қуысы күйіп, қатты шок алды. Біз бір апта бойы жансақтау бөлімінде жаттық. Сегізінші күні өздігінен дем ала бастады, тамақ ішті. Дәрігерлер балама екінші өмір сыйлады.

Жүрегі 10 минут тоқтаған сәбиді қайта тірілтті

Реаниматологтардың айтуынша, жүрек тоқтағаннан кейін оны қайта іске қосу тек 4-5 минут ішінде мүмкін болады. Алайда, бұл жағдайда 10 минут өткен соң сәбидің жүрегі қайта соға бастады. Бірнеше күн бойы оның өмірі қыл үстінде тұрды, себебі ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, күйікке қарсы терапия алды. Оқиға салдарынан баланың денесінің 25%-ы күйіп қалған.

Сәбидің жағдайы тұрақталды

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы тұрақты және ол сауығып келеді. №2 көпсалалы балалар ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков:

Жүрек қызметі тоқтаған жағдайда қолданылатын адреналинді тікелей жүрекке енгізуге мәжбүр болдық. Алғашқы үш тәулікте жағдайы тұрақсыз болды. Бұл өте сирек кездесетін және бірегей жағдай, – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий