Астанадағы аурухана түсік тастаған науқасты видеоға түсірген келіншекті сотқа бермек

Астанадағы аурухана түсік тастаған науқасты видеоға түсірген келіншекті сотқа бермек
29.07.2025 17:33
0
144
Фото: freepik.com

Астанада дәрігерлер баласынан айырылған науқас жайлы оқиғаны әлеуметтік желіде жариялаған блогерді сотқа беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аурухана директоры Изат Бюрабеков мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Изат Бюрабековтың айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат "асыра сілтеп" жазылған, ал жүктілікті сақтау медициналық себептерге байланысты мүмкін болмаған.

"Науқас әйел 25 шілдеде сағат 21:54-те жүктіліктің үзілу қаупімен ауруханаға түсті. Біз жүктілікті сақтап қалуға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, кей жағдайда әйел ағзасы емдік шараларға жауап бермейді. Бұл жағдайда ұрықтың түсу процесі жалғасты, қарапайым тілмен айтқанда, түсік тастады. Мұндай жағдайлар жүктіліктің ерте кезеңінде жиі кездеседі", – деді Бюрабеков.

Ол науқастың жүктілік мерзімі 6 апта 5 күн болғанын және шаранада әлі ішкі органдар қалыптаспағанын нақтылады.

"Әйел жаңа туған баласынан айырылды деп айту – дұрыс емес. Бұл ұрық болған", – деді дәрігер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий