Астана-Щучинск тас жолында тежегіштері істемей қалған жүк көлігі апатқа ұшырады
Қыста тежегіш жүйесінің істен шығу қаупі жоғары
Астана-Щучинск тас жолындағы төлем терминалы маңында жүк көліктерінің қатысуымен апат болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға 24 желтоқсанда орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, ол алдындағы көлікке соғылған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
«КазАвтоЖол» өкілдері қыста тежегіш жүйесінің істен шығуы жиі тіркелетінін атап өтті. Бұл жүйенің үнемі тексеріліп тұруы өте маңызды екенін ескертті. Жол полициясы барлық жүргізушілерге қысқы жағдайда көлікті мұқият дайындауды және техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.
Апаттан кейін жүргізушілерге жолда абай болу, қашықтықты сақтау және техникалық ақауларды дер кезінде жою қажеттілігі айтылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...
06.11.2026
18:18
Қостанайда зейнеткер алаяқтарға 4 млн теңгесін ...
06.11.2026
18:14
Алматының ауасын кім ластап жатыр? Әкімдік негі...
06.11.2026
17:29
Ербол Мырзабосыновтың атынан жалған мәлімдеме т...
06.11.2026
17:09
Болат Назарбаевтың бұрынғы базары енді мемлекет...