«Ата-анамның бай екенін 18-ге келгенде білдім»: қазақстандық жас блогер ерекше оқиғасын айтып берді (ВИДЕО)

«Ата-анамның бай екенін 18-ге келгенде білдім»: қазақстандық жас блогер ерекше оқиғасын айтып берді (ВИДЕО)
11.09.2025 11:41
0
316
Фото: instagram.com/kenjebekovaa

Анеля Кенжебекова есімді, Instagram-да 1,5 миллион оқырманы бар танымал блогер, өз өмірінен қызықты жайтпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Жас блогер кішкентайынан жетістікке ұмтылып, алдына мақсат қоя білетін қыз болып өскенін айтты. Ол қарапайым Алматының Тастақ ауданында тұрыпты. Сабақты жақсы оқып, болашағынан үлкен үміт күткен бойжеткен анасынан көп мотивация алғанын айтты.


«Мен 18 жасқа дейін ата-анамның бай екенін білмедім. Үйде жалғыз қыз болғандықтан, ерке болып кетпес үшін олар жағдайын жасырған екен. Мектепті бітіріп, 18-ге толғанда біз Тастақтан үлкен үйге көштік. Сол кезде ғана ата-анамның бай екенін білдім», – деді блогер ағынан жарылып.

Белгілі блогердің оқиғасына оқырмандары түрліше реакция білдірді. Бірі таңырқаса, енді бірі сенбей, әзілге айналдырды.


«Мынау - үнді фильмі ғой», «Мен 23-ке келдім, әлі ата-анам бай екенін айтқан жоқ», «Кеттім, мамамнан сұрап көремін, біз шынымен кедейміз бе деп», «Сценарий мықты екен», «Қытай дорамасын тым көп көрген сияқты» – деп пікір жазды оқырмандар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий