Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт шықты

25.08.2026 • 14:22 Қарақат АСЫЛОВА
Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт шықты
675
Фото: Бейнеден алынған скрин

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сағат 12:35 шамасында болған.

«Сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту қондырғыларының (МОС) шөгіндіргішінде өрт шықты. Оқиға кезінде нысанда қандай да бір жұмыстар жүргізілген жоқ. Шөгіндіргіштің ішіндегі мұнай шламы жанып жатыр. Жалынды оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр», – деп хабарлады кәсіпорын.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото мен видеолар тарап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий