Атырау облысы экологиялық апат алдында

Атырау облысы экологиялық апат алдында
07.01.2025 11:27
0
432
dwc.kg
Индер көлі экологиялық апаттың алдында: халықтың дабылы

Индер көлі экологиялық апат алдында, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Атырау облысының Индербор ауданы тұрғындары көптен бері алаңдаушылық білдірген мәселелер шындыққа айналды. Ерекше мәртебесі бар Индер көлі қорғаудан алынып, өндірістік игеруге берілді.

Көлемі 123,4 шаршы шақырымды құрайтын бұл көлде табиғи жолмен толықтырылатын екі миллиард тоннаға жуық тұз қоры бар. Жергілікті тұрғындар мұндай шешімнің аймақ экологиясына орасан зиян келтіретінін айтуда.

2006 жылдан бастап көл мемлекеттік қорғауға алынған болатын. Алайда 2024 жылы көктемде Үкімет бұл мәртебені алып тастап, «Аралтуз» және «АралСода» компанияларымен бірлесе отырып, оны өндірістік игеру мәселесін көтерді.

Экологтар мен сарапшылардың айтуынша, көлді игеру аймақтың экожүйесін бұзып, тұзды желдер мен ауаның ластануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл әрекет Жайық өзенінің экожүйесіне де теріс әсер етуі ықтимал.

Ақпарат ORDA.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или