Атырау облысында аңшылыққа шыққан ер адам қасындағы серігін атып өлтірді

08.12.2025 13:50 Мөлдір Талғат
Атырау облысында аңшылыққа шыққан ер адам қасындағы серігін атып өлтірді
0
146
Фото: РИА Новости/Алексей Мальгавко

Атырау облысында аңшылыққа шыққан екі ер адамның бірі абайсызда серігін атып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға туралы мәліметті облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полиция мәліметінше, оқиға Қызылқоға ауданында 6 желтоқсанға қараған түні, шамамен 02:30 кезінде, Аққора ауылынан Жасқайратқа қарай 30 шақырым жерде болған. 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін абайсызда атып жіберген.

Алдын ала деректер екі ер адамның аңшылыққа шыққаны және оған дейін алкогольдік ішімдік ішкенін көрсеткен. Қару қолдану кезінде кеткен қателік адам өліміне соқтырған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Облыстық Полиция департаменті берген ресми мәліметте:

«Қызылқоға ауданы полиция бөлімі Аққора елді мекенінің маңында орын алған қылмысқа қатысты адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады. 36 жастағы күдікті қамауға алынып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» деп хабарланған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий