Атырауда 9 жастағы бала аяусыз соққыға жығылды
584
Атырауда ойын алаңында 9 жастағы бала аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Атырауда болған жайттың видеосы Instagram желісіндегі Egov.press арнасында жарияланды. Кадрлардан ашық түсті жейде киген ер адам баланы бірнеше рет ұрған, содан кейін қасындағылар жүгіріп келіп, оны тоқтатқанын көруге болады. Содан кейін ер адам ол жерден қашып кеткен.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда аулада 9 жастағы баланың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, оқиға куәгерлерінен жауап алынуда", - деп атап өтті департаменттегілер.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...