Атырауда баласын суицидке итермелеген әке сотталып кетті
437
Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмаған ұлын өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қараша айында ер адам баласына жүйелі түрде қатыгездік көрсеткен, соның салдарынан жасөспірім ауыр психологиялық жағдайға түскен.
Айыптаудың растығы жәбірленушінің өзі, оның заңды өкілі, кәмелетке толмаған куәгердің жауаптары, сондай-ақ кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындылары мен заттай дәлелдемелер арқылы дәлелденді.
Бұған қарамастан, сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған. Алайда сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...