Атырауда мұғалім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды - комиссия құрылды

Атырауда мұғалім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды - комиссия құрылды
12.01.2025 11:06
0
26
ашық дереккөзден

Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң, суицид жасамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша ұстазды педагогикалық кеңесте жұрт алдында балағаттап, алаяқтық жасады деп айыптаған.

Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жағдай комитеттің бақылауында.

"Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Қазір мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу басталды.

"Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомство.

Комитеттің баспасөз қызметі ұстаздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

"Өзін жақсы сезінеді, мұғалімге қажетті психологиялық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или