Атырауда қарамағындағыларды боқтап, қол көтерген арнайы жасақ басшысы жұмыстан қуылды
Атырау облысында қол астындағыларды балағаттап, ұрып-соққан арнайы жасақ басшылары жазаланып, олардың бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Politico.kz порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Сәуір айының басында желіде полиция басшыларының қатардағы қызметкерлерді бейәдеп сөздермен балағаттап, күш қолданған видеосы тарап кеткен болатын. Осы оқиғадан кейін Атырау облыстық полиция департаментінің арнайы жасақ командирі Еркебұлан Сапанов пен рота командирлері Ерік Қарабаев және Нұрбахыт Басаровқа қатысты қызметтік тексеріс басталған.
«Қызметтік тергеу барысында әдеп қағидаларын бұзу деректері расталып, тәртіптік комиссия шешімімен Басаров ішкі істер органдарынан босатылды, ал қалған екеуіне қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту берілді», – деді департаменттің жеке құраммен жұмыс істеу басқармасының басшысы Нұржан Шаеденов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...