Атырауда түйе баланы таптап кетті
985
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. 26 қазан күні көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген балаға кенеттен түйе шабуыл жасап, ауыр жарақаттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жануардың баланы қағып құлатып, аяусыз таптай бастағанын көруге болады. Баланың өміріне қауіп төнген сәтте жақыннан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі дер кезінде дыбыстық сигнал беріп, түйені үркіткен. Осының арқасында ғана ашулы жануар баладан аулақ кеткен.
Зардап шеккен бүлдіршін дереу аудандық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиғадан кейін қауіпті жануар ұсталып, арнайы алаңға қамалды. Алайда, оның иесі әлі күнге дейін анықталмаған. Ветеринариялық инспекцияның мәліметінше, түйе Маңғыстау облысында тіркелгенімен, деректер базасында табылмаған.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...
24.08.2026
16:41
"Королева болып өстім": Жеңіс Ысқақова отбасы т...
24.08.2026
16:19
Жеңіс Ысқақова отбасы туралы: Бір-бірімізді сой...