Атыраудағы кісі өліміне күдікті туралы ақпарат жарияланды
2781
Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адамға қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz
Күдікті - зейнеткер ерлі-зайыптылардың күйеу баласы Сұлтан Самиғоллаұлы Сәрсемәлиев. Марқұмдардың мәйіттері үй ауласындағы сарай еденінің астынан табылған.
Полиция мәліметінше, Сұлтан Сәрсемәлиев бір тәуліктен бері іздеуде.
Күдікті туралы мәлімет:
-
Туған жылы: 1996 жылғы 24 сәуір
-
Қазақстан Республикасының азаматы
Іздестіру жұмыстарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Қазіргі таңда жедел-іздестіру шараларын Атырау облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр.
Ақпарат білетін азаматтардан 98-21-55 нөміріне хабарласу сұралады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...