Атыраудағы қанды іс: Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге өндірілмек

Атыраудағы қанды іс: Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге өндірілмек
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тарап айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Азаматтық талап-арызды сотқа марқұм Мақсот Қарабалиннің әпкесі Әдемі Шалмағамбетова тапсырды.

Соттың сұрағына жауап берген Сұлтан Сәрсемәлиев қойылған талаппен келісетінін айтты. Алайда мұндай соманы өтейтіндей ешқандай мүлкі мен басқа да активтері жоқ екенін мәлімдеді.

"Менің ең басты әрі жалғыз байлығым – өмірім ғана", – деді айыпталушы сот барысында.

Еске салайық, қылмыстық іс бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев төрт адамды өлтірді деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметінше, қылмыстан кейін ол күдік туғызбау үшін марқұмдардың атынан туыстарымен хат алмасып, коммуналдық төлемдерді төлеп, олардың банктік қосымшалары арқылы қаржылық операциялар жүргізген. Сот процесі жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу