«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink желісі іске қосылды

«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink желісі іске қосылды

Еліміздің жолаушылар поездарында Starlink төмен орбиталық спутниктік интернет жүйесін енгізу жобасы қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Politico.kz.

Көліктік инфрақұрылымды цифрландыру аясында жолаушылар үшін интернетке қосылудың екі түрлі форматы ұсынылады: 

Жолаушылар тегін негізде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламалар алмаса алады. 

Премиум (платный) пакет: Фото және видео файлдарды жіберу, дауыстық хабарламалар жазу, әлеуметтік желілерді қарау және видеосервистерді пайдалану үшін ақылы тарифтер енгізіледі. 

Спутниктік арнаның техникалық мүмкіндігі интернет жылдамдығын 100 Мбит/с дейін қамтамасыз етуге жол ашады.  

Жоба серіктесі «Транстелеком» АҚ өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан шекарасынан өту кезінде Starlink интернеті автоматты түрде өшеді. Бұл спутниктік байланыстың белгілі бір мемлекет аумағында заңды түрде жұмыс істеуіне қатысты лицензиялық шектеулерге байланысты. 

Поездарда интернеттен бөлек, ішкі Wi-Fi арқылы фильмдер көруге, музыка тыңдауға және кітаптар оқуға мүмкіндік беретін тегін борттық мультимедиялық портал жұмысын жалғастырады. 

Бұл бастама ұялы байланыс операторларының желісі жетпейтін шалғай өңірлер арқылы өтетін ұзақ қашықтықтағы бағыттарда жолаушылар жағдайын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу