Атыраудағы трагедия: прокуратура өкілі тың деректер айтты
Атырау облысы Жангелдин ауданында болған қайғылы отбасылық оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиғаға байланысты тың деректерді анықтау мақсатында КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева оқиға болған үйден табылған екінші кілттің мән-жайын зерттеп, Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек пікіріне жүгінген.
Прокуратура өкілінің айтуынша, қазіргі таңда тек кілтке қатысты емес, жалпы бұл іске өзге адамдардың қатысы бар-жоғы да жан-жақты қарастырылып жатыр. Дегенмен алдын ала жүргізілген тексеру нәтижесінде Сәрсемалиевтен басқа күдікті тұлғалардың қатысы анықталмағаны айтылды.
Сонымен қатар, табылған екінші кілттің шығу тегін нақтылау үшін қосымша сараптамалар тағайындалып, істің барлық мән-жайы жіті зерттеліп жатқаны белгілі болды. Құзырлы органдар бұл мәселеге құқықтық баға берілетінін мәлімдеп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады