Ауруын шеңіп шыққан актердің фотосы қызу талқыға түсті

Ауруын шеңіп шыққан актердің фотосы қызу талқыға түсті
20.05.2025 20:02
0
419
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық актер Саят Исембаев Instagram парақшасында әріптесі әрі досы Мурат Бисенбинмен бірге түскен суретін жариялады. Көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған қос актер кадрда көлік жанында бірге тұрған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Бізде бәрі жақсы, – деп жазды Саят суретке. Жазбаға фон ретінде Виктор Цойдың «Группа крови» әнін таңдаған.

Желі қолданушылары бірден ықыластарын білдіріп, актерлерге жылы лебіздерін арнады.

«Аңыз адамдар», «Кеше ғана “Рэкетир 3”-ті көрдім, тамаша түсірілген!», «Сіздермен мақтанамыз!», «Фильмді жүз рет көріп, тағы да қарай береміз», – деген пікірлер қалдырылды.

Айта кетейік, Саят Исембаев пен Мурат Бисенбин «Рэкетир» кинофильміндегі басты рөлдерімен қалың көрерменнің есінде қалды. Бұл фильм отандық кинематографиядағы культ туындылардың біріне айналған.

Еске салсақ, өткен жылы актер Мурат Бисенбиннің ауыр дертке – онкологияға қарсы күресіп жатқаны хабарланған болатын. Көрермендер сүйікті актерлерінің саулығына тілектестік білдіруде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий