Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ҚҚС-тан босату азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ҚҚС-тан босату азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?
11.02.2025 13:14
0
132
Коллаж golos-naroda.kz
ҚҚС-тан босату азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қосылған құн салығынан (ҚҚС) толықтай босатылады. Алайда бұл азық-түлік бағасының арзандауына алып келе ме? Бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Министрдің айтуынша, өнімнің өзіндік құны тек салыққа ғана емес, өндіріс технологиясына, логистикаға және сақтау шығындарына да байланысты.

"ҚҚС-тан босату туралы мәселе әлі де талқыланып жатыр. Бірақ фермерлер жанар-жағармайды, тұқымды, тыңайтқыштарды ҚҚС-пен бірге сатып алады. Сондықтан салықтан толық босату өнім бағасына қаншалықты әсер ететінін айту қиын. Баға тұрақты деңгейде қалуы мүмкін", – деді Сапаров.

Министрдің айтуынша, өнімнің өзіндік құны әр фермердің технологиясына байланысты.

"Мысалы, бір фермер картопты 70 теңгеге өсірсе, екіншісі ешқандай технология қолданбай 45 теңгеге өндіруі мүмкін. Ал үшінші фермер жетілдірілген технологиямен 90 теңгеге шығарады. Өндіріс әдісі, аймақтық жағдай, тасымал қашықтығы – барлығы өнімнің соңғы бағасына әсер етеді", – деді министр.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі өндіріс пен көтерме бағаны реттеуге жауапты, бірақ бөлшек саудадағы баға нарықтың өзіне байланысты қалыптасады.

"Қазақстанда 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі бар. Оның ішінде 18 мыңы – заңды тұлға. Ауыл шаруашылығы – шығынды көп қажет ететін сала. Сондықтан азық-түлік бағасының қашан және қалай өзгеретінін алдын ала айту қиын. Уақыт көрсетеді", – деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, үкімет ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту бойынша дифференциацияланған жүйені мақұлдады:

  • Негізгі ҚҚС мөлшерлемесі – 16%
  • Кейбір салалар үшін – 10%
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін – 0% (толық босату)

Бұл өзгерістер алдағы уақытта кәсіпкерлер мен тұтынушыларға қалай әсер ететіні әлі белгісіз.

Ақпарат informburo.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий