«Ауырмайтын жерім жоқ»: Блогер Ырысбала Икрамбай денсаулығы сыр бергенін айтты
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығының күрт нашарлап кеткенін айтып, оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, соңғы уақытта күннің қатты ысуы сырқатын одан әрі ушықтырып жіберген. Блогер өзіне бірнеше күрделі диагноз қойылғанын және оның алғашқы белгілері қашан басталғанын ашып айтты.
"Екінші және үшінші жүктіліктің ортасында маған "эпилепсиялық ұстама" деп диагноз қойған. Оң жағым осылай тырысып, ұстамасы ұстап қалады. Мына күннің ыстығында температура, ұстама, қан қысымы барлығы көтеріліп жатыр. Қазір тынышталдыратын дәрі ішіп көремін, болмаса магнезия салдырамын. Содан кейін тоқтайды", – деді Ырысбала Икрамбай.
Блогер жас болса да, ағзасында бір мезгілде бірнеше созылмалы аурудың қатар дамып жатқанына қынжылды. Қазіргі уақытта ол дәрі-дәрмектің көмегімен жағдайын тұрақтандыруға тырысып жатыр.
"Жасым отызға енді келсе де бәрі бар. Эпилепсиялық ұстама да бар, жүктіліктің фонында ЗОБ та бар. Қант диабеті де жоғары. Қантым қалыптыдан асып тұр және қан қысымым төмен", – деп толықтырды ол.
Соңғы жаңалықтар