Ауызына жарқанат кіріп кеткен қыз жантүршігерлік жағдайға тап болды

Ауызына жарқанат кіріп кеткен қызға қомақты қаражат керек болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға АҚШ-тың Аризона штатында болған.
АҚШ-та тұратын Эрика Кан ерекше әрі қорқынышты жағдайға тап болды. Массачусетс штатында өмір сүретін 33 жастағы әйел демалысқа Аризона штатына барған және түнгі аспанның суретін түсіргісі келген. Кенет оған жарқанат соғылып, камера мен әйелдің жүзі арасында қалып қойған. Әйел айқайлап жіберген, ал жарқанаттың бір бөлігі оның аузына кіріп кеткен. Бұл бірнеше секундқа ғана созылған – содан кейін ол тез ұшып кеткен. Бұл туралы «Комсомольская правда» жазады.
Эриканың әкесі дәрігер, ол қызының қасында бірге саяхаттап жүрген. Әкесі дереу құтырма ауруына қарсы алдын алу емін қабылдауды ұсынған, өйткені жарқанатпен байланыс өліммен аяқталуы мүмкін.
Турист ауруханаға барып, онда оған құтырмаға қарсы шаралар жасалған.
Алайда Эриканың сақтандыру мәселелері туындаған: ол сақтандыру компаниясына оқиға жайлы хабарды тым кеш берген. Сол себепті оған ем үшін 20 мың доллар (9,6 млн теңге) төлеуге және қарызға кіруге тура келген.
Соңғы жаңалықтар





