Автобус өзенге құлап, қырықтан аса адам із-түзсіз жоғалып кетті
750
Батыс Африкадағы Бенин Республикасында жолаушылар автобусы Уэме өзеніне құлап, кемінде бір адам көз жұмды. 44 жолаушы із-түзсіз жоғалған.
Бұл туралы жергілікті Banouto басылымы жазды.
Ресми деректерге сәйкес, автобус Того астанасы Ломе қаласынан Нигер астанасы Ниамейге бағыт алған. Жол бойында жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай қалып, автобус трассадан шығып, өзенге құлаған.
Автобуста Мали азаматтары да болғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, бір адам қаза тапқан, тоғыз жолаушы құтқарылды. Тағы 44 адамның тағдыры әзірге белгісіз.
Құтқарушылардың хабарлауынша, автобус әлі де су астында, ішінде адамдар болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында Бениннің арнайы қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...