Автопарк зардап шеккен Алуаға өмір бойы көмек көрсететің болды

Автопарк зардап шеккен Алуаға өмір бойы көмек көрсететің болды
12.06.2025 11:54
0
310
Коллаж POLITICO.KZ
Апаттан зардап шеккен Алуаға №1 Автопарк қаржылай қолдау көрсетеді

Автопарк №1 зардап шеккен Алуаға көмек көрсетеді

№1 Автобус паркі жол-көлік апатынан зардап шеккен Алуа Бәкен мен оның анасы Махаббаттың төрт баласына өмір бойы материалдық қолдау көрсетуге міндеттеме алғанын қыздың туыстары Instagram-дағы @help.aluabeken парақшасында хабарлады.

Автопарк басшысы Мадияр Түкпатов отбасымен кездесіп, Алуаның лайықты өмір сүруіне қажетті шығындарды толық өтеп беруге уәде берген. Қазіргі уақытта заңгерлер мен экономистер инфляцияны ескере отырып, осы шығындарды есептеуде.

№1 Автобус паркі мемлекеттік кәсіпорын ретінде өмір бойы қаржылай кепілдік берудің заң талаптарына сай арнайы рәсімдерсіз мүмкін еместігін атап өтті. Барлық шешімдер ресми тергеу мен сот процестерінің нәтижелеріне байланысты қабылданады.

Автопарк отбасына құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар, бұрын жарияланған қаржылық қолдау толық көлемде беріліп жатыр.

Алуаның туыстары Қазақстан азаматтарының көрсеткен қолдауы мен әділдікке ұмтылысын ерекше атап өтіп, алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий